01.10.2020, 03:26
Жаңалықтар
Қарағанды облысында 8 айда 159 адам өндірістік жарақат алған
Оның 22-сі қаза тапқан
Фото: 24.kz
Қарағанды облысында 8 айда 159 адам өндірістік жарақат алған. Оның 22-сі қаза болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ал былтыр осы мерзім ішінде 122 адам жұмыс орындарында жарақаттанған. Енді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіпорындарда өндірістік одақ құрып, оның құрамына тәуелсіз бақылаушыларды тартуды ұсынып отыр.
«Халықтық бақылау деген жобаны біз «Қазхром» деген кәсіпорында көрдік. Соны тәжірибе ретінде басқа да орындарға таратпақшымыз. Бұл біріншіден, кәсіпорында жарақатты болдырмай, екіншіден, жарақат алып, мүгедек болып қалса да, жұмысқа орналастыру мәселесін шешеді», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды