01.10.2020, 00:24
Жаңалықтар
Қазақстанда қос азаматтығы бар 260-тан астам адамға айыппұл салынды
Сонымен қатар 18 адам елден шығарылды
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда қос азаматтығы бар 284 адам анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ІІМ Көші-қон қызметі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстанда қос азаматтығы үшін жауаптылыққа тартылған 284 бұрынғы азаматты анықтады. Азаматтығынан айырылған адамдар бола тұра, тәртіп бұзушылар Қазақстан Республикасына келу және тұру үшін қазақстандық құжаттарды пайдаланды. Олардың бірқатары шет мемлекеттің азаматтығын қабылдағаны туралы уақтылы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп жазылған хабарламада.
Осы заң бұзушылықтар үшін 266 адамға 277 800 теңгеден 555 мың теңгеге дейін айыппұл салынып, 18 адам елден шығарылды.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды