Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус белгісі бар пневмониядан 2 адам қайтыс болды

21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус белгісі бар пневмониядан 2 адам қайтыс болды

30 қыркүйекте коронавирус белгілері бар пневмонияны 299 адам жұқтырса, 2 науқас қайтыс болған. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлімдеді.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирустық пневмонияның есебі 1 тамыздан бастап жүргізіліп келеді. Осы уақыт аралығында барлығы 32 799 науқас тіркелсе, 353 адам қайтыс болған. Сауығып шыққандар саны – 27 169.

Ведомствоаралық комиссия коронавируспен ауырып жатқандардың арасында жағдайы аса ауыр науқастардың аз емес екенін мәлімдеді. Бүгінде аталған вирусты жұқтырған 3 300 адам ем қабылдауын жалғастырып жатыр.

«Олардың арасында 46 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 906 науқас жатыр. 1 394 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы, науқастардың арасында 92 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген аталған хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.