30.09.2020, 02:43
Жаңалықтар
Токио Олимпиадасы алауы эстафетасының бағыты жарияланды
Эстафета 2021 жылдың 25 наурызында басталады
Фото: ашық дереккөзден
Олимпиада алауының эстафетасы 2021 жылдың 25 наурызында басталады. Фукусима префектурасынан басталып, 121 күн бойы Жапонияның 47 префектурасын аралайтын алау бағыты өзгерген жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
«2021 жылы шығыс Жапониядағы жер сілкінісіне он жыл болады. Табиғи апаттан зардап шеккен аймақтар бүгінде қалпына келіп үлгірген. Ұйымдастырушылар жер сілкінісінен мейілінше көп зақымданған аймақтардың қазіргі келбетін көпшілікке көрсетуге мүдделі», - деп жазылған хабарламада.
9 шілде күні алау Токиодағы Олимпиадалық стадионға әкелініп, 23 шілде күні ойынның ашылу салтанатында тұтанады.
Көп оқылған
14.09.2026, 11:08
«Шайырдың шалдары, қайдасыңдар?»: Маңғыстаудағы айтысқа мас шыққан «Алтын домбыра» иегері Мақсат Ақанов жазаланды
14.09.2026, 11:48
Жамбыл облысында дронның көмегімен ер адамның бүтін бір есірткі алқабын өсіргені анықталды (ВИДЕО)
14.09.2026, 16:20
«Кедейді байытып, бедеулікті емдейді»: Қазақстанда ұрғашы қасқырдың қынабы 90 мың теңгеден сатылып жатыр