30 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы
Сәрсенбі күні жел күшейіп, үш өңірде үсік жүреді
30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, күн ашық болады. Тек республиканың солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қостанай, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, шаңды дауыл, жел қарқыны - 15-23 м/с.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел соғады, жел жылдамдығы 15-23 м/с дейін күшейеді. Күндіз шаңды дауыл соғады.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел екпіні - 15-20 м/с.
Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең 1-3 градус үсік жүреді.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.