$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.09.2020, 23:55
Жаңалықтар

Павлодарда экономикалық сот төрағасы 20 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді

Кейін қылмыстық іс тоқтатылған еді

Павлодарда экономикалық сот төрағасы 20 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда пара алды деген күдікке ілінген экономикалық соттың төрағасы Талғат Тағажай жұмыстан қуылмақ. Бұл туралы Жоғары сот кеңесінің сот алқасы шешім шығарған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Судья осы жылдың наурызында кәсіпкерлердің бірінен 20 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған. Кейін жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері оның пара алуға оқталғанын айтып, қылмыстық істі тоқтатқан еді. Десе де, қызметінен уақытша шеттетілген судья бұл лауазымға қайта келмейтін болды. 

«Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Тағажай судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босатылды және тәртіптік жауапқа тартылды», - Павлодар облыстық соты баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Маржан Құрманғалиева.

Серіктес жаңалықтары