Қазақстанның төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл облыстарда жаңбыр жауып, қатты жел соғады

Қазақстанның төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның төрт облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде 23 м/с жел соғады. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.