ШұғылМәжіліс депутаттарының сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді

Жамбыл облысында оқушыларға әлі де компьютер жетіспейді

Облыста компьютерлік техникаға мұқтаж 45 мың оқушы бар

Фото:

16 мыңнан астам оқушыға қашықтан білім алу үшін компьютер мен гаджет қажет. Оқу жылы басталғалы аймақ мектептеріндегі 25 мыңдай компьютер мұқтаж отбасылардың балаларына таратылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір өңірге республикалық бюджеттен бөлінген компьютерлер шетінен жеткізіле бастады. Бүгінгі күнге дейін осындай 7500-ден астам жаңа моноблок, ноутбук, планшеттер оқушыларға таратылған. Облыста осы сияқты 45 мың оқушы компьютерлік техникаға мұқтаж. Оның жартысынан көбіне мектептердің есебіндегі компьютерлер таратылып, мәселе біршама шешілген. Алайда әлі 16 мыңдай балаға онлайн оқуға арналған құралдар қажет. 

«Қалған балаларға біз 18956 компьютер келеді деп күтіп отырмыз. Оныншы қазанға дейін келеді. Бұл жоспар бойынша осы компьютерлер келген кезде біз толық қажеттілікті жабамыз. Және бұл жерде артылатын компьютерлердің барлығын біз көпбалалы 4 баладан астам баласы бар отбасыларға екі компьютерден береміз», - деді жазылған ақпаратта.

Соңғы статистикаға сәйкес аймақ бойынша 29 мың бала компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. Ал оқушыларды интернетпен қамту мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Білім басқармасы өкілдерінің айтуынша жақын арада 16 мыңнан астам роутер жеткізіледі.