$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.11.2019, 21:46
Жаңалықтар

Елордада жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Жалын шарпыған аумақ 70 шаршы метрді құрады

Елордада жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Нұр-сұлтан қаласында тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап.

«Сағат 18.06-да Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне Алматы ауданының Яблочная көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйден өрт шыққаны хабарланды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар үйдің шатыры жалындап жанып жатқанын анықтады. Тілсіз жаудың таралуы сағат 18:36-да тоқтатылып, 18:46-да толығымен сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 70 шаршы метрді құрады. Оқиға салдарынан 2016 және 2019 жылдары туған балалар орта және жеңіл дәрежеде көмірқышқыл газына уланған. Сондай-ақ 2019 жылғы баланың бетін күйік шалған (7%). Өрттің шығу себебі анықталуда», - деді ресми өкіл.

Балалар №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Өртті сөндіруге елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 25 адам мен 4 техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Нұр-Сұлтан #өрт