Бозымбаев Халықаралық мұнай-газ көрмесіне қатысты
Конференция аясында Қанат Бозымбаев БАӘ энергетика және өнеркәсіп министрімен кездесті

11-12 қарашада ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жыл сайын Абу-Даби қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) өтетін 22-Халықаралық мұнай-газ көрмесі мен конференциясына (ADIPEC) қатысты. Биылғы жылы бұл шаралар мұнай-газ саласының болашақ дамуын талқылауға арналған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Конференцияға сонымен қатар БАӘ мемлекеттік министрі Сұлтан Ахмед Аль-Джабер, БАӘ энергетика және өнеркәсіп министрі Сухейль Мохаммед Аль-Мазруи, АҚШ-тың экс-Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс, Үндістанның Мұнай және табиғи газ министрі Шри Дхармендра Прадхан, ОПЕК Бас хатшысы Мохаммед Баркиндо, Еуропа, Азия, Африка мұнай-газ салаларының министрлері және т.б. ресми тұлғалар қатысты.
Конференция аясында Қ. Бозымбаев БАӘ энергетика және өнеркәсіп министрі Сухейль Мохаммед әл-Мазруимен кездесіп, ікіжақты қарым-қатынастарды дамыту перспективалары талқылады.
Сонымен қатар, «Borealis» компаниясының басқарма төрағасы А. Штернмен кездесу өткізілді. Оның аясында тараптар Атырау облысында полиэтилен өндіру жобасын іске асыру барысын талқылады.