Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сонымен қатар синоптиктер Шымкент қаласында да ескерту жариялады
26 қыркүйек күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Атырау облысының кей жерлерінде шығыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде жекелеген аумақтарда -3 градус үсік болжанады.
Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с артуы ықтимал. Түнде -2 градус үсік болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, сондай-ақ тұман күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерінде 23-28 м/с артуы мүмкін. Сондай-ақ шаңды дауыл болжанады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, 26 қыркүйекте күндіз, 27 қыркүйекте тәулік бойы екпіні 23-28 м/с артады.
Шымкент қаласында шығыстан екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады.