$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.09.2020, 02:01
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 мың шақырым жол енді ақылы болады

Жол жүру қандай автокөліктерге тегін, қайсысына ақылы, бұл автожолдың санатына байланысты болмақ

Қазақстанда 11 мың шақырым жол енді ақылы болады

2024 жылға қарай Қазақстанда 11 мың шақырым автожол ақылы болады. Бұл туралы «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы филиалының директоры Марат Сүлейменов онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«2024 жылға қарай автомобиль жолдарының 11 мың шақырымында ақылы жүйені енгізу жоспарлануда. Аталған іс-шаралар қайта жаңарту жұмыстарының аяқталуына қарай жүргізілетінін атап өткім келеді, бұл 32 автожол учаскесі. Ақылылықты енгізу инвестициялық шарт бойынша, инвестордың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Өте маңызды мәселе – жол жүру құны туралы айту керек. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ақылы учаскелерді ашу алдында жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін қоғамдық тыңдаулар өткізіледі», – деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, тыңдау барысында жол жүру құны мен болжамды төлем тәсілдері талқыланады. Төлем мөлшерін егжей-тегжейлі талдау жүргізілгеннен кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекітеді. Жол жүру қандай автокөліктерге тегін, қайсысына ақылы, бұл автожолдың санатына байланысты болмақ.

Мысалы, егер екінші техникалық санаттағы жол болса, онда тек жүк көліктері ғана ақы төлейді.

Серіктес жаңалықтары