24.09.2020, 09:43
Жаңалықтар
Коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы бір адам қайтыс болды
Бір тәулікте 228 адамнан індет анықталды
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмониядан 1 адам көз жұмды. Ал бір тәулікте 228 адамнан індет анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Осы жылдың 1 тамызынан бастап елімізде 31 760 пневмониямен ауырған. Олардың 26 805–і сауығып шықса, 346 адам қайтыс болды.
Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 495 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 810 науқас жатыр. 1 685 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 95 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді