24.09.2020, 09:30
Жаңалықтар
Қытай шетел азаматтарына елге келуге рұқсат берді
Үкіметтің бұл үкімі 28 қыркүйекте күшіне енеді
Фото: ашық дереккөзден
Жұмыс бабымен немесе жеке істерімен және отбасыларымен қосылу мақсатында Қытайға уақытша тұруға құжаты бар адамдар кіре алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Бұл үшін жаңа виза рәсімдеуідің қажеті жоқ. Ал егер мерзімі өтсе, Қытайдың шетелдегі дипломатиялық өкілдіктеріне барып, жаңа құжат алуына болады. Үкіметтің бұл үкімі 28 қыркүйекте күшіне енеді.
Еске сала кетейік, наурыз айының соңында елде індеттің өршуіне байланысты визалары бар шетел азаматтарына да келуге тыйым салынған болатын. Соңғы айлары Қытай эпидемиологиялық ахуалы жақсарған елдердің азаматтарына біртіндеп шекарасын аша бастады.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды