$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.11.2019, 17:05
Жаңалықтар

Өзбекстан Hugo Boss брендімен киім шығарып, оны Қазақстанға сатпақ

Hugo Boss компаниясы «Vakkoni» маркасымен киім шығарған өзбек кәсіпорнымен серіктестік орнатпақ

Өзбекстан Hugo Boss брендімен киім шығарып, оны Қазақстанға сатпақ
Германия ұлттық құрамасының ойыншыларына 2018 жылғы Әлем чемпионатына арнап киім тіккен - атақты Hugo Boss компаниясы

Жақында Наманган облысының әкімі Хайрулло Бозоров атақты неміс компаниясы Hugo Boss өкілдерін қабылдап, кездесу барысында Наманган қаласында әлемдік брендпен костюм тігуді қолға алатыны белгілі болды. Бұл туралы Наманган әкімдігінің ресми сайтында хабарланды

Hugo Boss компаниясы «Vakkoni» маркасымен киім шығарып, атын қалыптастырған наганмандық «Люкс плюс сервис» жауапкершілігі шектеулі қоғамдастығымен серіктестің орнатпақ.

«Облыстық мекеме шығарған костюмдердің сапасы бізді қатты таңғалдырды. Бізбен серіктес болу үшін облыстың көптеген тоқыма кәсіпорындары үлгілерін жіберді. Бірақ біз «Люкс плюс сервис» ЖШҚ-ны таңдадық. Себебі, бұл мекеме Hugo Boss компаниясының талаптарына толықтай жауап береді», - дейді компания өкілі Семих Демир.

Облыс әкімі Хайрулло Бозоровтың айтуынша, бүгінде бір қаланың өзінде 1,5 мыңнан астам тігін кәсіпорындары жұмыс істейді. Сондай-ақ өңірдегі мақта өндірісінің 85 пайызы кластерлік әдіске көшкен. Келесі жылы 100% көшеміз деп жоспарлап отыр.

Облыс басшысы тоқыма өнімдері экспортының негізгі бөлігі ТМД елдерінің нарығына шығарылатынын, соңғы жылдары Португалия, Германия, АҚШ елдеріне де экспорттай бастағанын айтты.

«Hugo Boss секілді әлемдік брендпен серіктес болу – өңірдегі тоқыма өнеркәсібін жаңа деңгейге көтереді», - дейді облыс басшысы.

Наманганда ашылмақ жаңа желінің жобалық құны 10 млн АҚШ доллары. Жобаның бірінші кезеңінде 800 адамды жаңа жұмыс орындарымен қамту жоспарланып отыр. Жоба толықтай іске асса, шығарылған өнімдер Hugo Boss арқылы Еуроодаққа мүше елдерге, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанға экспортталады.

Hugo Boss – сәнді киімдер тігетін танымал неміс компаниясы. Бұл компанияның өнімдерін Германия ұлттық құрамасының (футболдан) ойыншылары үнемі тұтынып, жарнама жасайды.

Бұған дейін Саудиялық Alqusaier Сompany компаниясы Namangan City жобасын қолға алып, Наманган қаласының бір ауданында бизнес орталықтар, 4-5 жұлдызды қонақүйлер, заманауи ойын-сауық кешендерін, көрме залдарын, тұрғын үйлер, мектеп, балабақшалар, мейрамханалар мен әлеуметтік нысандар салатынын жазғанбыз

Серіктес жаңалықтары