Елімізде өткен тәулікте пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Бір тәулікте 62 адам коронавирустық пневмониямен ауырған

Өткен тәулікте Қазақстанда пневмониядан 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
Соңғы тәулікте 62 адам коронавирустық пневмониямен ауырса, 1 жағдай адам өлімімен аяқталды. Бір тәулік ішінде 40 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 31 148 адам аталған аурумен, 26 709 адам сауығып шыққан. 344 адам көз жұмды.
Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 667 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 873 науқас жатыр. 1 794 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы, науқастардың арасында 97 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр.