$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.09.2020, 10:43
Жаңалықтар

Алматы қаласы әкімінің орынбасары кәсіпкерлікке бет бұрды

Сапарбек Тұяқбаев 2019 жылдың шілдесінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Алматы қаласы әкімінің орынбасары кәсіпкерлікке бет бұрды
Фото: primeminister.kz

Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған Сапарбек Тұяқбаев қызметінен кеткенін жариялады.

«Қала әкімінің орынбасары болып 1 жылдан астам уақыт қызмет еттім. Әлеуметтік, кәсіпкерлік саладағы нағыз өз ісінің мамандарымен жұмыс істедім. Ең әуелі Алматы қаласының тұрғындарына алғысымды айтқым келеді. Алматы тұрғындарының басты ерекшелігі – олар қала проблемасы мен міндеттеріне бей-жай қарамайды және шын жүректен жанашыр», - деп жазды ол.

Сондай-ақ Сапарбек Тұяқбаев алдағы жоспарымен бөлісті. Айтуынша, ол кәсіпкерлікке ден қоймақ.

«Инвестиция, кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы тәжірибем маған алда қолға алғалы отырған кәсіпкерлік саласында көмектеседі деп ойлаймын», - деп жазды ол.

Айта кетейік, Сапарбек Тұяқбаев 2019 жылдың 11 шілдесінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары болдып тағайындалған болатын.

Ол 2012-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2016-2017 жылдары Инвестиция комитетінің төрағасы, 2017-2019 жылдары «Kazakh Invest» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет атқарды

Серіктес жаңалықтары