$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.09.2020, 10:49
Жаңалықтар

СҚО құс фабрикаларында тауықтар қырылып жатыр

Бескөл фабрикасында құс тұмауынан 180 мыңға тарта тауық қырылып қалды

СҚО құс фабрикаларында тауықтар қырылып жатыр
Фото: Петропавловск.news

Солтүстік Қазақстан облысындағы Бескөл фабрикасында құс тұмауынан 180 мыңға тарта тауық қырылып қалды. Мамандардың болжауынша, тағы да 40 мың бас құс дертке шалдыққан болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Құс фабрикасы індетке дайын болмай шықты. Шаруашылықтағы қаз, үйрек пен тауықтардың бәріне уақытылы вакцина жасалмаған.

«Көршілес Ресейдің Солтүстік Қазақстан облысымен іргелес жатқан өңірлерінде құс тұмауы пайда болғанын естігенде,  құстарға вакцина еге бастадық. Бірақ дәрі бәріне жетпеді. Бастысы, аналық үйректерді сақтап қалуды жөн санадық. Ал тауықтар қырылып жатыр. Көктемде не боларын елестету қиын. Халық асырап отырған құсынан айырылды. Тірі қалғандарының өзі кәдеге жарамайды, себебі олар да ауру жұқтырған, тұмау тасымалдаушылар», - деді Бескөл құс фабрикасының технологы Татьяна Костенко.

Құс тұмауына қарсы егілетін вакцинаның 1 мың дозасы 50 мың теңге тұрады. Белшеден шығынға батқан фабрика басшылығы оған қаражат жоқ екенін алға тартты. Ұжымда әзірге 170 адам жұмыс істеп жүр. Олардың тағдыры не болары белгісіз.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#СҚО #құс тұмауы