19.09.2020, 09:00
Жаңалықтар
Ресей 21 қыркүйекте Қазақстанмен әуе қатынасын қайта бастайды
Бастапқы кезеңде рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады
Ресей келесі аптада тағы төрт елмен: Қазақстан, Қырғызстан және Белоруссиямен 21 қыркүйектен бастап, Оңтүстік Кореямен 27 қыркүйектен бастап әуе қатынасын қайта бастайды. Бұл туралы Ресей федерациясына жаңа коронавирустық инфекция таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Отырыс қорытындысы бойынша 21 қыркүйектен бастап Қазақстанмен (Нұр-сұлтан қ.), Қырғызстанмен (Бішкек қ.) және Беларусьпен (Минск қ.) халықаралық әуе қатынасын қайта бастау туралы шешім қабылданды», — делінген хабарламада.
Бастапқы кезеңде осы елдердің астаналарына рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
