$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.09.2020, 21:18
Жаңалықтар

Ақмолада құс тұмауының алдын алу шаралары басталды

Құстарды иммундау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне 510,3 мың доза екпе алуға өтінім берілді

Ақмолада құс тұмауының алдын алу шаралары басталды
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданында құс тұмауының қатты өршуіне байланысты Ақмола облысының аумағында аурудың таралуына жол бермеу мақсатында жергілікті ветеринарлар арнайы шаралар қабылдай бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облысының ветеринарлық басқармасына сілтеме жасап.

Ақмола облысының ветеринарлық сала қызметі облыс аумағындағы жағдай толық қатаң бақылауға алынғанын мәлімдеді. 

«Қазіргі уақытта ветеринар дәрігерлер қауіпті құс ауруының алдын алу шараларын қолға алды. Ақмола облысының ветеринарлық қызметі аумақтық бөлімдермен және аудан әкімдіктермен бірлесе отырып, аумақтағы үй құстарының санын анықтау, құстардың жыл құстарымен байланысын болдырмау үшін оқшаулауды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қауіпті аймақтарда құстарды ауруға қарсы профилактикалық иммундау өткізу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне 510,3 мың доза екпе алуға өтінім берілді. Қажетті мөлшердегі екпе келісімен өңірдегі ветеринар қызметкерлері үй құстарына жаппай егу жұмыстарын бастайды», - дейді Ақмола облыстық ветеринарлық басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Құстардың жоғары патогенді құс тұмауы індетінен үй құстары арасында таралуына жол бермеу үшін Ақмола облысыны ветеринарлық басқармасы облыстағы барлық кәсіпкерлік субъектілері мен құс өсіретін фермаларға құстардың өлім-жітімі жайлы дереу хабарлауды сұрайды.

«Ауру белгілері табылған жағдайда жан-жануарларды мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторлар мен ветеринар мамандар келіп, құстарды тексергенге дейін оқшаулау шараларын қабылдау қажет», - делінген ведомство  хабарламасында.

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы

Серіктес жаңалықтары