$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.09.2020, 17:31
Жаңалықтар

Қазақстанда Кавасаки синдромына 35 бала шалдыққан

Соңғы бір аптада Кавасаки синдромымен бірде-бір дерек тіркелмеген

Қазақстанда Кавасаки синдромына 35 бала шалдыққан
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда Кавасаки синдромына ұқсас ауруға 35 бала шалдыққан. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті.

«Соңғы деректер бойынша, 40 бала КВИ-ге шалдығып, ем алды. Олардың ішінде Кавасаки синдромына ұқсас белгілермен ауырған балалар саны 35-ті құрайды, 31 бала емделіп үйіне қайтты. Қалған төрт бала әлі де ем алуды жалғастырып жатыр. Бір қуантарлығы, соңғы бір аптада КВИ жұқтырған бірде-бір бала Кавасаки синдромымен тіркелген жоқ. Емделіп шыққан балалар учаскелік дәрігерлердің қарауында», - деді Бағдат Қожахметов.

Айта кететіні, пандемия басталғалы бері Қазақстанда шамамен, 2,5 мың бала коронавирус инфекциясымен ауырды, оның ішінде 111 жаңа туған нәресте бар.  Балалардың 80%-да ауру симптомсыз өтті. Тек 20%-ы ғана орта деңгейде ауырып шықты.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары