Алматыда антитеррорлық қауіпсіздігі осал үш нысанға айыппұл салынды
98 нысан басшысына анықталған ескертуді жою туралы бұйрық берілді
Алматыдағы үш нысанның басшысына антитеррорлық қауіпсіздіктің төмендігі үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
2020 жылдың басынан бері Алматыда террористік тұрғыдан осал 127 нысан тексерілді. Тексеру нәтижесі бойынша 98 нысанның басшыларына анықталған ескертулерді жою туралы бұйрық берілді және үш нысан басшыларына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 149-бабына сәйкес (Терроризмге қарсы қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау және террористік актілерге осал нысандардың қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау) әкімшілік хаттама жасалды. Тексеру нәтижелері бойынша 29 нысан антитеррорлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Экстремизмге қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мәулен Қасымжан.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты террористік тұрғыдан осал нысандардың басшылары мен жеке құрамы арасында нысандарды антитеррорлық қорғау және олардың осы саладағы міндеттемелерді сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.