18.09.2020, 16:39
Жаңалықтар
Алексей Цой ДДСҰ-ның аймақтық комитетінің төрағасы болып сайланды
Дауыс беру құпия түрде өткен
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ДДСҰ аймақтық комитетінің төрағасы атанды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті.
«Қыркүйек айының 14-15 күндері ДДСҰ Еуропа аймақтық бюросының 70-ші сессиясын өткізді. Қазақстаннан алғаш рет Алексей Цой ДДСҰ-ның тұрақты аймақтық комитетінің төрағасы болып сайланды. Бұған дейін Қазақстан аталған комитеттің қатысушысы ғана болатын. Оған 12 мемлекет мүшелік етеді және төрағаны сайлау жасырын түрде өтеді. 3 жылға сайланған төраға ДДСҰ және Еуропа аймақтық Денсаулық сақтау ұйымының атынан ұсынымдар мен кеңестер беруге ие», - деді Қожахметов.
Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады