$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.09.2020, 16:34
Жаңалықтар

Қапшағайда шенеуніктер жол жөндеуге бөлінген 14 млн теңге қаржыны жымқырған

Олар мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді

Қапшағайда шенеуніктер жол жөндеуге бөлінген 14 млн теңге қаржыны жымқырған
фото: Батыржан Беспаев

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қапшағайда жол жөндеуге бөлінген 14 млн теңге жымқырылу фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Агенттік Қапшағай қаласының автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің лауазымды адамдарына қатысты тергеуді бастады.

Олар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражатқа Заречный ауылдық округі көшелерінің жол жабынына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндеттелген.

«ЖШС-пен жасалған шарт бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыс үшін орындалған жұмыстар актісіне қол қою және ақшалай қаражатты аудару жолымен қаражат жымқыру күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталды. Жымқыру салдарынан мемлекетке 14 млн-нан аса ірі мөлшерде залал келтірілді», - делінген агенттік хабарламасында.

Қазір бұл іске қатысты тергеу жалғасуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары