Алматыда коронавирус жұқтырғандар азайды - Сағынтаев
Қыркүйек айы басталғалы бері ауру жұқтыру көрсеткіші төмендеді
Бақытжан Сағынтаев «Алматы» теларнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қаладағы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«16 қыркүйектегі мәлімет бойынша, КВИ жұқтырудың 14 325 оқиғасы тіркелген, 13 941 адам (97,3%) емделіп шықты. Қауіпті кеселден 270 адам көз жұмды. Қыркүйек айы басталғанан бері ауру жұқтыру көрсеткіші төмендеді. Мәселен 9 қыркүйек күні – 11 науқас, сосын 9, 8, 6-ға дейін азайды. 11 қыркүйек күні инфекцияны жұқтырған бір де бір адам тіркелген жоқ. 14 қыркүйек күні екі адамнан анықталды, кеше бір адамнан шықты» ,– деді Бақытжан Сағынтаев.
Сонымен қатар, ол қалада 527 мыңнан астам адамға ПТР тест жасалғанын атап өтті.