Карантиндік шектеу шаралары туралы қаулыға өзгеріс енгізілді
Қаулыға сәйкес, демалыс және мереке күндері сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтайды

«Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Өзгеріс енгізілген қаулыға сәйкес, елімізде ойын-сауық орындары, атас айтсақ караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалары және кинотеатрлардың, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынды.
Тек маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлардың қызметіне рұқсат берілген. Сонымен қатар, демалыс және мереке күндері азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтайды.