17.09.2020, 01:50
Жаңалықтар
Жаңа рекорд: Әлемде бір тәулікте 368 мың адамнан коронавирус анықталды
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 30 миллионға жуықтап қалды
Фото: ашық дереккөзден
Әлем бойынша бір күнде 368 мың адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Джонс Хопкинс университетіне сілтеме жасап.
Бұған дейін рекордты көрсеткіш 13 қыркүйек күні тіркелген еді. Ол кезде бір күнде 307 930 адамнан коронавирус анықталған.
16 кыркүйектегі жағдай бойынша әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 29,6 миллионға жетті. Оның 20,1 миллионы жазылып шықты. 937 мың адам қайтыс болды.
Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ (6,6 млн), Үндістан (5 млн), Бразилия (4,3 млн), Ресей (1 млн) және Перу (738 мың) тұр.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
