12.09.2020, 11:29
Жаңалықтар
Facebook студенттерге арналған платформа жасамақ
Платформа қашықтан оқитын студенттерге арналады
Фото: ашық дереккөзден
Facebook компаниясының өкілдері колледж бен университет студенттеріне арналған Facebook Campus платформасы іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Платформада студенттер бір-бірімен араласып, топтарға біріге алады. Сонымен қатар алдағы студенттік іс-шаралар туралы ақпарат алып, оқу орнының әкімшілігінен жаңалықтар ала алады.
«Күзде оқу орындарының көбі қашықтан оқытады. Бұл платформа дәл осындай кезде өте пайдалы болады деп ойлаймыз», - деді Facebook Campus менеджері Чармейн Хунг.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
