Түркістанда әкімдік алдына келген көлік су бұрқақты сындырған

Түркістан қаласындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы әкімдік ғимаратының алдында көліктің батып қалған видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Фото: баспасөз қызметінен

Видеода жаңа салынған әкімдік алдына төселген тастар жұмсақ топыраққа төселіп, шағын автобус құдды сол топыраққа батқандай әсер қалдырады. Алайда, ол жер көлік жүруге арналмаған екен. Сондай-ақ, тастар асында су бұрқақтың құбырлары жүргізілген болып шықты. Көлік жүргізушісі оны байқамаған.

«3 қараша күні  Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімшілік-іскерлік орталығындағы облыстық әкімшілік ғимаратының алдында орналасқан жаяу жүргіншілерге арналған құрғақ фонтанның үстіне келген қонақтардың автокөлігі қауіпсіздік ережесін сақтамай, үстіне шығып сындырған болатын.  Аталған кемшіліктер дер кезінде қайта қалпына келтірілген», - деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Тегтер:
Загрузка новостей...
Сұхбат
Түркиядағы қазақ журналисі шетел асқысы келетін жастарға кеңесін айтты
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты