20 жыл бұрын өлген Пржевальский жылқысы АҚШ-та клондалды
1980 жылы мұздатылған генді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді
АҚШ-та шамамен 20 жыл бұрын өлген Пржевальскийдің жылқысы клондалды. Бұл туралы «Revive & Restore» компаниясының жойылып бара жатқан жануарлардың генетикалық деректерін сақтауға және қалпына келтіруге мамандандырылған сайтында хабарлады дейді Azattyq Rýhy тілшісі Азия орталығына сілтеме жасай отырып.
Патолог және генетик Курт Бенирш құрметіне аталған Курт есімді құлын тамыздың басында Калифорниядағы Сан-Диего хайуанаттар бағында дүниеге келді. Revive & Restore ViaGen фирмасымен бірге 1980 жылы мұздатылған генді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
«Бұл 1975 жылы Ұлыбританияда дүниеге келген, 1978 жылы АҚШ-қа әкелінген айғырдың жасушалары. Ол 1998 жылға дейін өмір сүрді»,- деді ұйымның баспасөз қызметі.
Американдық биолог Бен Новак өзінің Твиттерінде бұл соңғы 17 жылдағы Пржевальский жылқысының алғашқы клондалуы және ғылыми жетістік деп жазды.
Қазіргі уақытта әлемде Пржевальский жылқысының 12 тұқымынан туылған және 1990 жылдары абсолютті жойылудан құтқарылған 2 мыңға жуық жылқы бар. Курт құлыны болашақта ғалымдар Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың популяциясын қалпына келтіре алады деген үмітке айналды.
Пржевальский жылқысы – табиғаттағы жалғыз жабайы жылқы. Онымен алғаш рет жұмыс істеген 1878 жылы орыс зерттеушісі және географы Николай Пржевальский болды және 1881 жылы зоолог Иван Поляков бұл тұқымды сипаттады.