$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.09.2020, 11:49
Жаңалықтар

Фармацевтикалық медициналық өнеркәсіпті дамыту жөнінде 2020-2025 жылдарға арналған бағдарлама әзірленуде

Бағдарлама аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілерді қолдау шаралары қарастырылады

Фармацевтикалық медициналық өнеркәсіпті дамыту жөнінде 2020-2025 жылдарға арналған бағдарлама әзірленуде

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда фармацевтикалық медициналық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламаның жобасы әзірленуде. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі, Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

Салалық ведомство өкілінің айтуынша, бағдарлама аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілерді қолдау шаралары қарастырылады.

«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу кезінде отандық өндірушілер үшін тіркеу куәлігінің мерзімсіз әрекет ету мерзімін белгілеу, субстанциялар, дәрілік заттардың қазақстандық өндірісі үшін әкелінетін шикізат пен жинақтаушы материалдар үшін кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері мәселелері бойынша шаралар қарастыру жоспарлануда», - деп толықтырды Н. Асылбеков.

 

Серіктес жаңалықтары