04.09.2020, 23:58
Жаңалықтар
ШҚО-да үш алаяқ тұрғындарға 1 млн теңге шығын келтірді
Олар спорт жарыстарына ақша тігіп, пайдаға кенелтуге уәде берген
Фото: ашық дереккөзден
Шығыс Қазақстан облысында алаяқтар тұрғындардан 1 млн теңге алып, спорт жарыстарынан пайдаға кенелтетінін айтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, Өскемен қаласының үш тұрғыны интернет-алаяқтықтың 90 эпизодына кінәлі деген күдікке ілінген. Олардан бес телефон мен төрт банк картасы тәркіленген.
«Ұсталған үш адам Instagram желісінде спорт жарыстарына ақша тігіп, тұрғындардың қаражатын еселеп беруге уәде берген», - деді ШҚО ПД өкілдері.
Олар үш тұрғынға 1 млн теңге шығын келтірген.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды