$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.09.2020, 21:34
Жаңалықтар

Алматы облысында коронавируспен күреске бөлінген қаржыны жымқырғандар қамауға алынды

Олар 3 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Алматы облысында коронавируспен күреске бөлінген қаржыны жымқырғандар қамауға алынды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында коронавируспен күреске бөлінген қаржыны жымқырғандар қамауға алынды. Бұл туралы Antikor News жобасының тікелей эфирінде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК директорына, сондай-ақ оның орынбасарына қатысты ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді Данияр Бекайдаров.

Оның айтуынша, ұсталғандар коронавирус пандемиясымен күресу бойынша дағдарысқа қарсы шаралар аясында «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген арнайы жедел жәрдем автомашинасын жөндеу бойынша қызметтер көрсеткені үшін жасалған шарт бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қою арқылы жалпы сомасы 3 024 930 теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Серіктес жаңалықтары