04.09.2020, 05:17
Жаңалықтар
Жемқорлық: СҚО әкімінің орынбасары мен аудан әкімі қызметінен қуылды
Олардың қарамағындағы үш адам парамен ұсталған
Фото: ашық дереккөзден
Солтүстік Қазақстан облысында қарамағындағылардың парамен ұсталған екі шенеунік қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
«Пара алды деген айыппен облыстық сәулет-құрылыс басқармасының үш басшысы бірінен соң бірі ұсталған еді. Бұл басқарма облыс әкімінің орынбасары Антон Федяевтың құзырында еді. Онымен бірге Ақжар ауданының бұрынғы басшысы Ербатыр Мадьяров та қызметінен қуылды. Оның қызметтен кетуіне дәл осы былыққа қатысқан бұрынғы орынбасары Құрал Досымбековтің кесірі тиіп отыр», - деп жазылған ақпаратта.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды