Қазақстанның тоғыз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сонымен қатар синоптиктер Нұр-Сұлтан қаласында да ескерту жариялады

3 қыркүйекте ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Оңтүстік-батыстан қатты жел соғады.
3 қыркүйекте Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, 4 қыркүйекте Павлодар облыстарында ауа температурасы күндіз -12-18 градус жылыға дейін төмендейді. Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 25 м/с дейін күтіледі.
3 қыркүйекте Қостанай облысында ауа температурасы күндіз -12-18 градус жылыға дейін төмендейді.
3 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с артады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
3 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғып, оның күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
3 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз найзағай болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с артуы ықтимал.