02.09.2020, 21:58
Жаңалықтар
Шымкентте соңғы 3 тәулікте коронавирус жұқтырғандар тіркелген жоқ
Қалада бүгінге дейін Сovid-19 жұқтыруған 5 174 адам анықталды
Фото: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында өткен үш тәулікте коронавирус жұқтырған бір де бір науқас тіркелмеді. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қалада өткен үш тәулікте коронавирус жұқтырған бір де бір науқас тіркелмеді. Вирус жұқтыру деңгейінің төмендеуіне қалада жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары септігін тигізді», - деді әкім.
Оның айтуынша, қалыпты өмір салтына қайта көшуіміз үшін әлі де болса карантин талаптарына сәйкес сақтық шараларын күшейту қажет.
Айта кетейік, Шымкент қаласында бүгінге дейін Сovid-19 жұқтырған 5 174 адам тіркелді.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады