Қазақстанда азық-түлік бір жылда 10,9% қымбаттады – Статком
2020 жылғы тамыздағы азық-түлік тауарларының бағасы

Баға азық-түлік тауарларына бір жылда (2020 жылғы тамыз 2019 жылғы тамызға) 10,9% өсті. Нан және жарма өнімдері, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жемістер және жаңа жиналған көкөністер, картоп, алкогольсіз сусындар мен алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал қант арзандады.
2020 жылғы тамызда ет өнімдері тобында сүйегі бар жылқы етіне орташа баға әр килограмына 2210 теңгені (2019 жылғы тамызда – 1933 теңге), сүйегі бар қой етіне – 1940 теңгені (1648 теңге), сиыр етінің жауырын-төс бөлігіне – 1909 теңгені (1713 теңге), шошқа етінің жауырын бөлігіне – 1567 теңгені (1416 теңге), тауықтың сан етіне 821 теңгені (812 теңге) құрады.
Құмшекердің орташа бағасы 2020 жылғы тамызда әр килограмына 211 теңгені, 2019 жылғы тамызда 233 теңгені құрады.
2020 жылғы тамызда көкөніс өнімдері тобында сәбізді орташа бағасы әр килограмына 122 теңгені (2019 жылғы тамызда – 147 теңге), картопқа – 117 теңгені (111 теңге), басты пиязға 92 теңгені (129 теңге), ақ қауданды қырыққабатқа 88 теңгені (100 теңге) құрады.