Алматылық төтеншеліктер өрт сөндіруге көмектескен оқушыларды мектепке дайындады
Балалар шелекпен су тасып, өртті сөндіруге көмектесті
Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндірушілерге көмектескен мектеп оқушыларына қолдау көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Осыдан үш жыл бұрын, яғни 2017 жылдың 1 қарашасында Кенсай шатқалындағы тау бөктерінде қураған шөптерден өрт шыққан болатын. Сол кезде арнайы көліктер өте алмағандықтан, өрт сөндірушілер жаяу көтеріліп, қызыл жалынды аспалы өрт сөндіру құралдары мен «жарылғыштар» арқылы сөндірді. Өйткені қызыл жалының саяжай аумағына таралу қаупі туындаған еді.
«Құрғақ шөптердің жанып жатқанын көрген балалар көмекке ұмтылды, олар шелекпен су тасып, өртті сөндіруге көмектесті. Сол кезде балаларлың ең үлкені Миль Кондрат-15 жаста, Самойлов Евгений -10 жаста, ал ең кішкентай Семенов Данил 7жаста болатын»,– деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Жаңа оқу жылы қарсаңында, әлеуметтік желілер арқылы көпбалалы ана Виктория Семенованың отбасындағы қиын жағдайды білген Алматы гарнизонының құтқарушылары өздерінің көмекшілеріне қолдау көрсетті.
«Балаларға планшет, жылдық интернет байланысы бар Wi-Fi роутері және оқу құралдары табысталды», – деп хабарлады ведомстводан.