Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйел өздігінен демала бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Оның денесінің 75 пайызын күйік шалған

Күйеуі үстіне бензин құйып, өртеп жіберген астаналық әйел өздігінен дем ала бастады, алайда жағдайы әлі ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

«6 қазанда түскен науқастың жағдайы тұрақты ауыр, оның денесінің 75 пайызын кұйік шалған. Жағдайы жақсарып келеді, бірақ баяу. Ол есін біледі, өздігінен дем алады. Бүйрек жеткіліксіздігі сақталады», - деді Травматология және ортопедия институтының ғылыми-зерттеу орталығы баспасөз қызметінің өкілдері. 

6 қазан күні полиция департаменті 43 жастағы ер адам әйеліне бензин шашып, өртеп жібергенін хабарлаған болатын. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күйік шалған әйелді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы аумағындағы аялдамадан тапқан.