Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысында айтылған
Атыраудан төрт өңірге қатынайтын жолаушылар пойызы тоқтатылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденовтің қаулысына сәйкес, 31 тамыз күні сағат 00.00-ден бастап жолаушылар пойызының қатынасы тоқтатылатын болды.
«Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Маңғыстау облыстары бағыттары бойынша жолаушылар темір жол тасымалдары тоқтатылсын», - делінген қаулыда.
Еске сала кетелік, бұған дейін облыста шектеу шаралары 14 қыркүйекке дейін созылғанын хабарлаған едік.