Елордада бірегей жеңілатлетикалық кешен салынып жатыр
Ғимарат қыркүйек айында пайдалануға берілуі тиіс
Қыркүйек айында елордада жаңа жеңіл атлетика манежін ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Спорт кешені жеке меншікте, бірақ қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы нысанды іске қосқаннан кейін СӨС жақтаушылары көбейеді деп сенеді. Естеріңізге сала кетейік, бес жылдан кейін Қазақстанда халықтың кемінде 40 пайызы бұқаралық спортпен айналысуы тиіс. Президент өзінің Жолдауында спорттық инфрақұрылымның, әсіресе, балалар үшін барынша қолжетімділігін қамтамасыз етуді бір жыл бұрын тапсырған.
Еліміздің жаңа жеңіл атлетикалық манежі елорданың Тұран даңғылында салынып жатыр. Абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, нысанды қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарлануда.
«Орталық Азияда осындай бірегей нысан салынуда. Бұл жабық алаң. Онда халықаралық жарыстарды өткізу үшін барлық жағдай жасалады. Егер ол біздің басқармаға берілсе, спорт кешенінде қаланың жеңіл атлеттері жұмыс істей алады. Спорттық функционерлердің айтуынша, бұл елімізде бұқаралық спортты дамытудың соңғы жобасы емес» дейді қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының жұмысын уақытша атқарушы Самат Ерғалиев.