Геннадий Головкин аңыз адамдар қатарына қосылды

Алайда «супержұлдыз» атағын GGG-дің басты қарсыласы мексикалық Сауль Альварес алған

Геннадий Головкин аңыз адамдар қатарына қосылды
Фото: ашық дереккөзден

Rummy’s Corner Youtube-арнасы орта салмақтағы біртуар боксшылардың тізімін жариялады. Олардың қатарында 38 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин де бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Алайда «супержұлдыз» атағын GGG-дің басты қарсыласы мексикалық Сауль Альварес алған.

«Аңызға айналған ұлы боксшылардың көбі мансабының бір кезеңінде орта салмақта рингке шыққан: Шугар Рэй Робинсон, Марвин Хаглер, Чарли Берли, Карлос Монсон, Гарри Греб — бұл олардың бір бөлігі ғана. Сонымен қатар, жақында Рой Джонс, Джеймс Тони және Бернард Хопкинс те осы қатарды толықтырды. Ал қазір бізде супержұлдыз Сауль Алварес пен аса құрметті Геннадий Головкин бар. «Канело» – қазіргі WBA чемпионы, Головкин – IBF чемпионы, Джермалл Чарло – WBС, Деметриус Андраде — WBO», – деп жазылған арнаның ақпаратында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.