Тоғыз облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

24 тамыз күні бұл облыстарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Тоғыз облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Ауа райының бұзылуына байланысты тоғыз өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі.

24 тамызда Ақмола облысында таңертең және күндіз найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі.

24 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі.

24 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Жекелеген аумақтарда төтенше өрт қаупі сақталады.

24 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, тұман болжанады.

24 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

24 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

24 тамызда Маңғыстау облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.

24 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік, солтүстік-шығыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.