$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.08.2020, 00:45
Жаңалықтар

23 тамыз күнгі ауа райы болжамы

Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

23 тамыз күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

23 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Тек оңтүстік пен батыста жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Найзағай жарқылдап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Қостанай облысында таңертең және күндіз найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Күндіз шаңды дауыл соғады.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан, Атырау облыстарында жел күшейіп, найзағай жарқылдайды. Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары