Елордада 20 бағдарға қосымша автобус қосылады
Осылайша автобустардың жалпы саны 781-ге жетеді
24 тамыздан бастап тағы 20 бағдарға қосымша автобус қосылады. № 2, 8, 9, 13, 17, 24, 28, 32, 34, 35, 37, 41, 47, 48, 56, 60, 61, 71, 80, 81 бағдарлары көбейтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі CTS компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«24 тамыздан бастап қосымша қалалық бағдарларға 49, ал қала маңына қатынайтын бағдарларға 67 автобус саны артады. Осылай олардың жалпы саны 781 болады. Автобустардың санын көбейту шешімі жолаушылар ағынын талдау негізінде қабылданды. Оның мақсаты – карантиндік шаралардың жұмсартылуына байланысты жолаушылар ағынын азайту», - делінген хабарламада.
Бұған дейін 23 бағдарға автобустар қосылған еді.
Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық көлік жұмысы кешкі сағат 22:00-ге дейін жалғасады. Жолаушыларға автобус ішіне бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Барлық бағдарларда жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді. Балалар валидация жасау міндетті.