Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бұл облыстарда жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін
Қазақстанның 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
21 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.
21 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с болады деген болжам бар. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, түнде және таңертең бірқатар өңірде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғ ып, кей жерлерде оның күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.