$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.08.2020, 00:23
Жаңалықтар

20 тамыз күнгі ауа райы болжамы

Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

20 тамыз күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

20 тамызда, бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты күн күркіреп, жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігі мен батысында күн райы ашық болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысынын кей жерлерінде тұман түсіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Жел күшейіп, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Жел күшейіп, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде кей жерлерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Түркістан облыстары, Жамбыл облысының басым бөлігінде, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары