Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында да ескерту жарияланды
Қазақстанның бес облысында және Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
20 тамыз күні Нұр-Сұлтанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз екпіні 23 метр болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23-28 метр болады. Облыстың оңтүстік-батысында өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Облыстың кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түсіп, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с-қа жетеді.
20 тамызда Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін барады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін жетеді.