17.08.2020, 03:36
Жаңалықтар
БҰҰ: Бейрутті қайта қалпына келтіруге 565 млн доллар керек
Ұйым халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады
Фото: ашық дереккөзден
БҰҰ халықаралық қауымдастықтан жойқын жарылыс болған Ливанға қолдау көрсету үшін 565 миллион доллар сұрады. Бұл туралы ұйымның гуманитарлық үйлестірушісі Наджат Рочди мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
«Көмек мұқтаж жандарға бөлінуі тиіс. Осы үшін арнайы механизм жасалды. Жоба жергілікті және халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, жүзеге асырылмақ. Біз мұндай шараны бұған дейін әлемнің өзге де елдерінде қолдандық», - деді БҰҰ-ның гуманитарлық үйлестірушісі Наджат Рочди.
Естеріңізге сала кетсек, 4 тамызда Бейрут портында жарылыс болып, 170-тен астам адам қаза тапты. 6 мың тұрғын жарақат алды. 300 мыңнан аса адам баспанасыз қалды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр