$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.08.2020, 02:46
Жаңалықтар

Алматы ТЖД қала ішіндегі өзендерде шомылуға болмайтынын ескертті

Бұл талапты бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылады

Алматы ТЖД қала ішіндегі өзендерде шомылуға болмайтынын ескертті
Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала өзендерінде шомылуға тыйым салынғанын еске салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД қызметкерлерінің мәлімдеуінше, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 364-бабына сәйкес тыйым салынған орындарда шомылу, ондағы суды ішу және тұрмыстық қажеттік үшін алуға, малды суаруға, қайықпен және басқа да жүзу құралымен серуендеуге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

 «Алматы арқылы ағатын өзендерде (мысалы, Есентай, Кіші және Үлкен Алматы) шомылу және қайықпен жүзуге тыйым салынған, себебі олар қауіпті деп саналады. Осыған байланысты Алматы қалалық ТЖД қала тұрғындарын су қоймаларында қауіпсіздік ережесін бұзбауға шақырады», - деп жазылған ТЖД таратқан ақпаратта. 

Серіктес жаңалықтары